16 қаңтар 2019 | 14:15

Полиция инспекторды өлтірген күдіктілерді анықтады

© Tengrinews.kz фотоколлаж

Полиция инспекторды өлтірген күдіктілерді анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ ішкі және сыртқы коммуникациялар департаментінің директоры Алмас Сәдубаевқа сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Полиция инспекторды өлтірген күдіктілерді анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ ішкі және сыртқы коммуникациялар департаментінің директоры Алмас Сәдубаевқа сілтеме жасап. 

Инспекторларға шабуыл жасау дерегі бойынша Қарағанды облыстық полиция департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі ("Кісі өлтіру, адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған") бойынша тергеу жүріп жатыр. 

Реклама
Реклама

"Бүгінде кешенде тергеу шаралары барысында осы қылмысқа қатысы бар барлық күдіктілер анықталды. Қазіргі уақытта оларды ұстау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қылмыскерлердің қолынан қаза тапқан инспектордың туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтамын", - деді Алмас Сәдубаев.  

Осыған дейін, "Охотзоопром "ӨБ" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорнының браконьерлер шабуылынан зардап шеккен инспекторы оқиға жайлы айтып берді.

Петр Ницык қылмыскерлермен текетірестің қалай өрбігені туралы айтқан видеосын Ауыл шаруашылығы министрінің кеңесшісі Сәкен Қалқаманов Facebook желісіндегі парақшасында жариялады. Ол екінші инспектор Ерлан Нұрғалиев 15 қаңтарда таңертең қайтыс боғланы туралы хабарлады. Браконьерлердің инспекторлардың навигаторын алып кеткенін және боран кезінде олардың қайда екенін анықтау қиын болғанын айтты. Төтенше жағдайдан соң, инспекторлар 2,5 сағат бойы көмек күткен. 

Кім болса да жауапкершілікке тартылады - Лукин инспекторды өлтіру жайлы

"Охотзоопром "ӨБ" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорны инспекторлары Петр Ницык пен Ерлан Нұрғалиев 2019 жылы 13 қаңтарда шамамен 18:00-де Қарағанды обылсы Нұра ауданына рейдке шыққан. Онда олар бес өлі киікті тапқан. Сонымен қатар, олар мемлекеттік туркеу нөмірі жоқ Toyota Land Cruiser маркалы екі автокөлікті байқап, біреуін тоқтату мүмкін болған. 

Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 107-бабы 2-бөлігі ("Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiру") бойынша іс қозғалып, күдіктілерді анықтау және ұстау шаралары жүргізіліп жатыр. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная