23 қаңтар 2022 10:31

"Полиция келгенде аман қалатынымды түсіндім". UFC-дің ресейлік экс-чемпионы Мексикада соққыға жығылды

Жансая Қадыржанова Корреспондент

UFC-дің бұрынғы чемпионы, 54 жастағы ресейлік актер Олег Тактаров Мексикада соққыға жығылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі журналист Александр Лютиковтың телеграм-арнасына сілтеме жасай отырып.

ПОДЕЛИТЬСЯ

UFC-дің бұрынғы чемпионы, 54 жастағы ресейлік актер Олег Тактаров Мексикада соққыға жығылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі журналист Александр Лютиковтың телеграм-арнасына сілтеме жасай отырып.

Ол желке тұсынан соққы алған, кейін бірнеше адам тепкілеп, тұншықтырған. Бұл кезде Тактаровтың аяқтары байланып, қолдары кісенделіп тұрған. Жанжалға ер адамның қызды қорғауы себеп болған.

Тактаров видео түсіріп, болған жайттың егжей-тегжейін айтып берді.

Реклама
Реклама

"Олар желкемнен ұрды. Менің ойымша, бейсбол таяғымен. Ішкі гематома болды. Үстіме он адам секірді. Тұншығып жатқасын ояндым. Мұрнымда киім болды, тұншықтырғылары келді. 

Қолым артыма қайырылып тұрды. Балық аулайтын жіппен аяғымды байлады. 30-40 минут қозғалмай жатып қалдым, бірақ ұра берді. Бұл - күрделі мафия құрылымының бір түрі.

Полиция келгенде, жеңілдеп қалдым. Аман қалатынымды түсіндім, өйткені әр секунд сайын өліп қаламын деп ойладым. Ауа жетпеді", - деді Тактаров.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram