19 қаңтар 2022 | 18:13

Полиция Нұр-Сұлтанға "синтетика" жеткізу жолын кесті

Дина Шарипханова Корреспондент
Видео кадры

Тәртіп сақшылары Нұр-Сұлтанға синтетикалық есірткі жеткізу желісін кесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық Полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Тәртіп сақшылары Нұр-Сұлтанға синтетикалық есірткі жеткізу желісін кесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық Полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПД мәліметінше, Петров көшесінде 23 жастағы күдікті ұсталған. Полиция қызметкерлері тінту барысында ұсталған азаматтан 29 бума есірткі тауып, тәркілеген.

"Есірткі сатушысы" тауарды жеке интернет-дүкені арқылы өткізіп, адам көп жиналатын жерге жасарып кетеді. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ұсталған адам полиция қызметкерлеріне есірткі заттары жасырылған орындарды көрсетті", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Ер адам қамауға алынған. Оған Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі "Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, өткізу мақсатында тасымалдау, жөнелту немесе өткізу" бойынша айып тағылған. Бап санкциясы мүлікті тәркілей отырып, 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын көздейді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная