29 қазан 2021 | 10:08

Полиция Өскеменде өлі табылған адамға қатысты түсінік берді

Жансая Қадыржанова Корреспондент
©factum.kz

Өскеменде басы жарылған ер адамның мәйіті табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ШҚО ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Өскеменде басы жарылған ер адамның мәйіті табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ШҚО ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полиция 28 қазанда Өскемен қалалық полиция басқармасының тергеу бөлімі "Адам өлтіру" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастағанын мәлімдеді.

Таңертең 102-ге 1969 жылы туған ер адамның мәйіті табылған жерге жақын орналасқан салонның шаштаразынан қоңырау түскен. Жарақаттарға қарағанда, өлер алдында ер адам қатты таяқ жеген. Ол жабық бас сүйек-ми жарақатынан қайтыс болуы мүмкін.

Реклама
Реклама

Видео: ©factum.kz

"Қазір кінәлі адам ұсталды. 1978 жылы туған күдікті УҰИ-ға қамауға алынды. Дәлелдемелерді бекіту үшін тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр, сот сараптамалары тағайындалды", - деп хабарлады полицияда.

Сондай-ақ, полиция Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жарияланбайтынын атап өтті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная