02 қараша 2021 | 14:15

Полиция Пенжімдегі төбелеске қатысты қылмыстық істерді тергеп жатыр

Дина Шарипханова Корреспондент
Видео кадры

Алматы облысында полиция қызметкерлері Пенжімдегі оқиғаға байланысты бірнеше іс қозғап, тергеп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы облысында полиция қызметкерлері Пенжімдегі оқиғаға байланысты бірнеше іс қозғап, тергеп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Полицейлер мәліметінше, соталды тергеу "Бұзақылық" және "Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" баптары бойынша жүргізіліп жатыр. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін жедел-тергеу тобы құрылған. Қазірдің өзінде төбелескендер анықталған. Сондай-ақ, тиісті сараптамалар, жедел-іздестіру шаралары тағайындалған.

Полиция департаменті мәліметінше, бұл іс бойынша күдіктілер мен ұсталғандар саны және басқа да мәлімет жария етуге жатпайды.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, 27 қазанда Алматы облысының Пенжім ауылында Абдолла Розыбакиев атындағы мектепте 9-10-сынып оқушылары арасында төбелес шыққан. Төбелес кезінде балалардың бірі ауыр жарақат алған. Панфилов ауданы әкімінің айтуынша, ол құлап, басын жаралап алған.

Кейін Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасы Пенжім ауылында жаппай төбелес кезінде зардап шеккен оқушының жағдайы туралы мәлімдеді. 27 қазанда 2005 жылы туған мектеп оқушысы Панфилов ауданаралық көпсалалы ауруханасына түскені белгілі болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная