ПОДЕЛИТЬСЯ
02 желтоқсан 2020 | 17:42
Полицияға тіл тигізген кәсіпкердің үстінен қылмыстық іс қозғалды
Полицияға тіл тигізген кәсіпкердің үстінен қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Полицияға тіл тигізген кәсіпкердің үстінен қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Оқыс оқиға Павлодар облысындағы блокбекетте болған. Полиция қызметкері жүргізушіден қауіпсіздігін белдігін тағуды сұраған. Осы сәтте кәсіпкер тәртіп сақшысына тіл тигізген.
"Тергеу тобы 53 жастағы ер адамға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 378-бабы, 1-бөлігі ("Билік өкiлiн қорлау") бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады", - делінген облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Егер сотта жүргізушінің кінәсі дәлелденетін болса, оған 80 АЕК көлемінде айыппұл салынуы немесе 80 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартылуы, әрі 20 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алынуы мүмкін.
Еске салайық, оқыс оқиға 25 қарашада Павлодар облысындағы блокбекетте болған. Полиция қызметкерлері Mitsubishi L 200 автокөлігін тоқтатқан. Олар жүргізушінің құжатын тексермекші болған. Кейін тәртіп сақшылары жүргізушіден қауіпсіздігін белдігін тағуды сұраған. Осы сәтте ол полицияға тіл тигізген.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также