27 қараша 2020 | 16:38

Премьер-министр кеңсесі қызметкерінің қылмыстық іске қатысы бары анықталды

Видеодан алынған кадр

Премьер-министр кеңсесінің қазіргі қызметкері газ өткізу бойынша қылмыстық істе күдікті ретінде танылды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің басшысы Шыңғыс Қабдолла айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Премьер-министр кеңсесінің қазіргі қызметкері газ өткізу бойынша қылмыстық істе күдікті ретінде танылды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің басшысы Шыңғыс Қабдолла айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ол тергеу Энергетика министрлігі мен бірқатар облыс әкімдігінің лауазымды тұлғаларына қатысты жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Реклама
Реклама

"Олар 2019 жылдан бастап 2020 жылға дейін әлеуметтік мұнай газын бөлу кезінде лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланып, ішкі нарыққа газ жеткізу жоспарына әдейі жалған мәліметтер енгізіп, нәтижесінде бірқатар облыста (Павлодар, ШҚО, Алматы, Жамбыл, сондай-ақ, Нұр-Сұлтан мен Алматыда) 1,5 миллиард теңгеге сұйытылған отын жеткізілмеген", - деді Қабдолла.

Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің нұсқасы бойынша, күдіктілер Ақтау мен Тараздағы кәсіпкерлерден босатылған газ көлемін заңсыз көбейткені және өндірушінің жеткізушісін алмастырғаны үшін жүйелі түрде пара алып отырған.

"Осылайша газ құны 3 есеге дейін артқан. Күдіктілердің бірі - премьер-министр кеңсесінің қызметкері, екі адам қамауға алынды, тергеу жалғасып жатыр", - деді агенттік өкілі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная