26 сәуір 2023 | 13:20

"Принтерде басып шығарылған". Қызылордалық жалған 20 мың теңгеліктермен төлем жасаған

Дина Шарипханова Корреспондент
видео кадры

Қызылорда қаласының 28 жастағы тұрғыны номиналы 20 000 теңгелік бірнеше банкноттарды сақтағаны және оларды жанар-жағармай құю бекеті мен автобөлшектер сататын дүкенге өткізгені үшін айыпталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚМА мәліметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қызылорда қаласының 28 жастағы тұрғыны номиналы 20 000 теңгелік бірнеше банкноттарды сақтағаны және оларды жанар-жағармай құю бекеті мен автобөлшектер сататын дүкенге өткізгені үшін айыпталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚМА мәліметіне сілтеме жасап.

Жалған банкноттарды сақтау және бірнеше рет өткізу дерегі анықталып, ҚМА Қызылорда облысы бойынша департаменті қылмыстық істің тергеуін аяқтап, іс материалын сотқа жолдаған.

"Ол заттар сатып алып, құны 20 000 теңгелік банкнотты өткізе отырып, қайтарымына ҚР Ұлттық банкінің түпнұсқа банкноттарын алып отырған. Тұрғын өз кінәсін толық мойындады. Криминалист мамандардың зерттеуі барысында өткізілген банкноттардың Ұлттық банктің ақша белгісіне сәйкес келмейтінін және ақшалардың принтерде басып шығарылғандығы анықталды", - делінген хабарлмада.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, ҚР ҚК-да бұл қылмыс үшін бес жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы түрінде жауаптылық көзделген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная