06 желтоқсан 2019 | 11:40

Проблемалық кредиттер қорының қызметкері ұсталды

© Тұрар Қазанғапов

ҚР Қаржы министрлігінің "Проблемалық несиелер қоры" АҚ-ның қарыздарды өндіріп алу департаментінің директорының міндетін атқарушысы аса ірі мөлшерде қаражат ұрлады деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

ҚР Қаржы министрлігінің "Проблемалық несиелер қоры" АҚ-ның қарыздарды өндіріп алу департаментінің директорының міндетін атқарушысы аса ірі мөлшерде қаражат ұрлады деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен жемқорлық қылмысын жасады деген күдікке ілінген ҚР Қаржы министрлігінің "Проблемалық несиелер қоры" АҚ-ның қарыздарды өндіріп алу департаментінің директорының міндетін атқарушысына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

Реклама
Реклама

"Ол бір топ адаммен алдын ала сөз байласып, Ақтөбе облысында орналасқан кепілдік элеваторды төлеп алу кезінде ЖШС басшысы мен құрылтайшысының сенімін теріс пайдалану мен алдау арқылы аса ірі - 20 миллион теңге мөлшерде бөтеннің мүлкін ұрлады деген күдікке ілінді. Күдікті ұсталып, Нұр-Сұлтан қаласы полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұлтартпау шарасын таңдау туралы мәселе шешіліп жатыр", - делінген хабарламада.

Күдіктінің кінәсінің деңгейін анықтау туралы шешімді сот қабылдайтын болады.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная