16 қаңтар 2019 | 14:35

Прокурор Бергей Рысқалиевті 17 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

Мемлекеттік айыптаушы Атырау облысының бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиевті 17 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Бұл туралы Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Мемлекеттік айыптаушы Атырау облысының бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиевті 17 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Бұл туралы Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Парламент Мәжілісінің бұрынғы депутаты Аманжан Рысқалиев, сондай-ақ "KAZCASPIAN INDUSTRIAL SERVICES" ЖШС директоры Рүстем Әбілқасымовты 16 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. 

Реклама
Реклама

Осы іске қатысы бар қалған айыпталушыларға сегіз жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айыруды сұрады. 

Бергей Рысқалиевтің ісі 18 қазанда Атырау облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған сотында басталды. Атырау облысы әкімінен басқа осы іске қатысы бар тағы сегіз адам (ҚР Парламенті Мәжілісінің бұрынғы депутаты Аманжан Рысқалиев, "KAZCASPIAN INDUSTRIAL SERVICES" ЖШС директоры Рүстем Албақасов, жұмыссыз Мұрат Желдібаев, "Атырау Гранд Строй" ЖШС директоры Нұрлан Жұлмағамбетов, "BNB Construction" пен "АқтөбеHouse Construction" ЖШС негізін қалаушы Айбат Сүлейменов, "BNB Construction" ЖШС директоры Бауыржан Теміралин) айыпталушы ретінде өтіп жатыр. 

Айыптау актісіне сәйкес, Бергей Рысқалиев өзінің қызметтік өкілетіттігін пайдаланып отырып, Атырау облысы әкімдігіндегі лауазымды тұлғалармен алдын ала сөз байласу арқылы мемлекеттен ірі сомада қаражат жымқыру мақсатында қылмыстық топ құрған. Мемлекетке келтірілген шығынның сомасы 72 миллиард теңгеден асады.

Еске сала кетейік, осы іс бойынша сот отырысы 2014 жылдың қаңтарында басталған болатын.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная