Прокурор Қайрат Сатыбалдыұлын 6 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

Дина Шарипханова Корреспондент
Прокурор Қайрат Сатыбалдыұлын 6 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады Фото:gov.kz

Мемлекеттік айыптаушы сотта Қайрат Сатыбалдыұлын алты жылға бас бостандығынан айыруды сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мемлекеттік айыптаушы сотта Қайрат Сатыбалдыұлын алты жылға бас бостандығынан айыруды сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Прокуратура өкілі Жангелді Есебаев соттан Қайрат Сатыбалдыұлын мүлкін тәркілеп, белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан 10 жыл мерзімге айыра отырып, алты жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

"Жазасын орташа қауіпсіз мекемеде өтеу анықталсын, Президентке Сатыбалдыұлын Ұлттық қауіпсіздік органдарының генерал-майоры атағынан, сондай-ақ "Құрмет" және "Парасат" ордендерінен айыру туралы ұсыныс енгізілсін. Сатыбалдыұлының қамауда ұстау уақыты жаза мерзіміне 1 күн - 1,5 күн болып есептелсін", - деді прокуратура өкілі Жангелді Есебаев.

Жарнама
Жарнама

Қайрат Сатыбалдыұлы өз кінәсін мойындайтынын және істеген ісіне толықтай өкінетінін мәлімдеді.

Сонымен қатар, ол прокурор ұсынған жаза түрі және мөлшерімен келісетінін мәлімдеді.

Еске салайық, бұған дейін Астанада Қайрат Сатыбалдыұлының ісі бойынша сот басталғаны хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама