11 қаңтар 2021 | 13:49

Прокурор "Серік-голованы" 19 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

Прокурор Алматыда "Серік-голова" лақапатымен танымал қылмыскер Серік Жаманаевты 19 жылға соттауды сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Прокурор Алматыда "Серік-голова" лақапатымен танымал қылмыскер Серік Жаманаевты 19 жылға соттауды сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мемлекеттік айыптаушы Серік Жаманаевты 262-баптың 2-бөлігі "ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым құру және оған басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу", 194-баптың 4-бөлігінің 1-тармағы "адамдар тобы аса ірі мөлшерде күш қолданып жасаған қорқытып алушылық", 106-баптың 3-бөлігі "абайсызда адамның өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бойынша кінәлі деп тануды сұрады.

Реклама
Реклама

"Мүлкі тәркіленіп, 19 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындауыңызды сұраймын. Серік Жаманаевтың әрекеттерінде қылмыстың қауіпті қайталануын тану. Жазасын өтеу қылмыстық-атқару жүйесінің төтенше қауіпсіз мекемелерінде тағайындалсын", - деді прокурор.

Еске салайық, Серік Жаманаев былтыр ақпанда ұсталған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная