28 ақпан 2023 | 15:43

Прокурор Серік Күдебаевты 9 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Прокурор полиция генерал-майоры Серік Күдебаевты тоғыз жылға бас бостандығынан айыруды сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Прокурор полиция генерал-майоры Серік Күдебаевты тоғыз жылға бас бостандығынан айыруды сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Талдықорғанда Алматы облыстық полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаевқа қатысты сот отырысы жалғасып жатыр.

Күдебаевқа Қылмыстық кодекстің 362-бабының 2-бөлігі "Билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану" бойынша айып тағылды. Сот процесс барысында мемлекеттік айыптаушы судьядан күдікті Серік Күдебаевты тоғыз жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы бастығы Серік Күдебаевтың соты қаңтарда басталған болатын. Алматы облыстық полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаев қаңтар оқиғасы бойынша күдікті деп танылған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная