"Пышақпен қорқытқан": Алматыда Арбатқа келушілерді тонағандар ұсталды

Фото: polisia.kz

Полиция Арбатта бірнеше адамды тонады деген күдікпен төрт ер адамды ұстады. Тәртіп сақшылары жәбірленушілерді іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Рolisia.kz.

Полиция Арбатта бірнеше адамды тонады деген күдікпен төрт ер адамды ұстады. Тәртіп сақшылары жәбірленушілерді іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Рolisia.kz.

Полиция мәліметі бойынша, бір топ ер адам түнгі уақытта Арбатта жалғыз жүрген адамдарды аңдыған. Оны Алматы облысының 21 жастағы тұрғыны басқарған. Қаскүнемдер адамдарды пышақпен қорқытып, олардан телефонын, құнды заттарын тартып алып, кейін оларды қаланың әртүрлі ломбардына өткізген.

Бірқатар ұқсас қылмыстар жасалғаны белгілі болғанан кейін криминалдық полиция бөлімшесі жұмысын күшейткен.

Реклама
Реклама

"Күдіктілер жедел шаралар барысында ұсталды. Қылмыс құралы - пышақ, тәркіленген. Жәбірленушілердің тізімі тергеу аяқталғанға дейін толықтырылуы мүмкін екенін жоққа шығармаймыз. Қандай да бір себеппен тоналған адам полицияға жүгінбеуі де мүмкін", - деді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов.

Күдіктілерге қатысты ҚР ҚК-нің 191-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Полиция қызметкерлері суреттегі ер адамдардың әрекетінен зардап шеккен адамдар болса 8-702-430-02-22; 8-778-620-82-16 және 8-775-774-44-41 телефондары арқылы полицияға хабарлауын сұрайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама