Қапшағайда белгісіз біреулер казино аумағында тұрған қымбат көлікті өртеп кеткен

?апша?айда казино аума?ында белгісіз біреулер Toyota Land Cruiser жарнамалы? к?лігін ?аса?ана ?ртеп жіберген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қапшағайда казино аумағында белгісіз біреулер Toyota Land Cruiser жарнамалық көлігін қасақана өртеп жіберген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Редакцияға келіп түскен видеодан белгісіз ер адамдардың казино аумағына басып кіріп, көлікті бүлдіріп жатқаны көрінеді. Олардың бірі тапаншаға ұқсас затпен оқ атқан, нәтижесінде көлік өртеніп кеткен. Сол сәтте қаскөйлер бірден оқиға орнынан жасырынады. Сондай-ақ, видеодан казино қызметкерлерінің өртеніп жатқан көлікке барып, сөндірмекші болғаны көрінеді.

Алматы облыстық ІІД өкілдері 27 тамызда казино өкілдерінің Қапшағай аудандық ІІБ-не белгісіз біреулердің түнгі уақытта казино аумағында тұрған Toyota Land Cruiser 200 жарнамалық көлігін өртеп жібергенін хабарлады.

Реклама
Реклама

"ҚР Қылмыстық кодексінің 202-бабының 2-бөлігі бойынша ("Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдiру") қылмыстық тергеу басталды. Осы қылмысты ашу мақсатында Қапшағай аудандық ІІБ қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр", - делінген ІІД хабарламасында.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама