Қапшағайда ер адам полицейлерге шабуыл жасаған

?апша?ай т?р?ыны патрульдік авток?лікке шабуыл жаса?аны ?шін ?амау?а алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облысы ІІД баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап. С?йтсек, ер адам темір т?тікпен ?аруланып, себепсіз автопатрульге шабуылда?ан, арнайы к?лікті б?лдіріп, полицейге дене жара?атын сал?ан. 

Қапшағай тұрғыны патрульдік автокөлікке шабуыл жасағаны үшін қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облысы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Сөйтсек, ер адам темір түтікпен қаруланып, себепсіз автопатрульге шабуылдаған, арнайы көлікті бүлдіріп, полицейге дене жарақатын салған. 

"Күдікті мас болған және метал түтікпен жүріп жатқан көліктерге, соның ішінде автопатрульге шабуылдаған, патрульдік көлік оқиға орнына шақырту бойынша келген. Күдіктінің ашулы болғанына қарамастан, оны дереу қарусыздандырып, қалалық полиция бөлімшесіне жеткізді", - деп хабарлады ІІД баспасөз қызметіндегілер. 

Ұстау кезінде дене жарақатын алған полицей алғашқы жәрдем көрсетілгеннен кейін қызметіне қайта оралған. 

Реклама
Реклама

Баспасөз қызметіндегілер полицейлерге жасалған шабуыл дерегі бойынша қылмыстық істің қозғалғанын хабарлады. "Соталды тергеу ҚР Қылмыстық кодексінің 380-бабы ("Билік өкiлiне қатысты күш қолдану") бойынша жүргізіліп жатыр. Ұсталған ер адам Қапшағай аудандық уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп хабарлады тәртіп сақшылары.

Ұсталған ер адам Қапшағай қаласының 24 жастағы тұрғыны. Полицейлердің мәліметінше, ол бұған дейін қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама