Қапшағайда полиция майоры 8 жылға сотталды

Камила Долаева Журналист
Қапшағайда полиция майоры 8 жылға сотталды ©Tengrinews.kz фотоколлажы

Алматы облысы Қапшағай қалалық ішкі істер бөлімі криминалдық полицияның аға жедел уәкілі Азамат Тоқшарановқа қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыс сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шешімді қылмыстық істер бойынша ауданаралық мамандандырылған сот шығарды.

32 жастағы Азамат Тоқшаранов ҚР ҚК-нің 366-бабының 2-бөлігі ("Пара алу") және 297-бабының 3-бөлігі ("Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу") бойынша сотқа берілді. 

Жарнама
Жарнама

"Сот шешіміне сәйкес, Азамат Тоқшаранов 8 жыл бас бостандығынан айырылды. Ол өмірінің соңына дейін мемлекеттік қызметке тұра алмады және жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде өтейді", - деп хабарлады облыс баспасөз қызметіндегілер.

Сонымен қатар, ол ҚР ҚК-нің 49-бабының 1-бөлігіне сәйкес "полиция мойоры" шенінен айырылды. Бұрындары оның басшысы Ерлан Әлібаев та пара алғаны үшін ұсталып, 90 мың теңге айыппұл арқалаған. 

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама