Қарағанды облыстық ТЖД басшысының орынбасары пара алғаны үшін сотталды

?ара?анды облысты? ТЖД басшысыны? орынбасары 200 мы? те?ге пара алды ж?не ?кілеттігін теріс пайдаланды деп айыпталып, т?рт жыл?а бас бостанды?ынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қарағанды облыстық ТЖД басшысының орынбасары 200 мың теңге пара алды және өкілеттігін теріс пайдаланды деп айыпталып, төрт жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қылмыстық істің материалдарын зерттей келе, сот сотталушыны ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабының 2-бөлігі бойынша ("Пара алу") және 361-бабының 2-бөлігі бойынша ("Лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану") айыпты деп танып, төрт жылға бас бостандығынан айыру жазасын кесті", - деп оқыды үкімді судья Мұрзабекова.

Соталды тергеу барысында Вадим Магамадов өз кінәсін мойындады. Айтуынша, ол бұл қаражатты турнирге жаратуды ойлаған және жаман пиғылы болмаған. 

Реклама
Реклама

Прокурор сотталушыға ірі көлемдегі айыппұл түрінде жаза тағайындауды сұраған. 

Еске салайық, Қарағанды облыстық ТЖД басшысының орынбасары Вадим Магамадов биыл 4 сәуірде өз кабинетінде пара алды деген күдікпен ұсталған болатын.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама