Қарағанды облысында алты сарбаз командирлерін ұрып-соққан

Қарағанды облысында алты сарбаз командирлерін ұрып-соққан

Қарағанды гарнизонының әскери соты ҚР Ұлттық ұланының N6505 бөлімінің алты әскери қызметкеріне қатысты үкім шығарды.

Сарбаздар ҚР ҚК "Басшыға қатысты зорлық әрекеті" бабы бойынша, төртеуі "Бұйрықты орындамау" бабы бойынша айыпты деп танылған, - деп хабарлады "Интерфакс-Қазақстан" агенттігіне Орталық өңір әскери прокуратурасының өкілдері.

Прокуратураның мәліметінше, сот екі сарбазды 3 жылға бас бостандығынан айырды, олар сот залында қамауға алынды. Қалған төртеуі үш жылға шартты түрде екі жылға сынақ мерзімі түрінде жаза алды. 

Реклама
Реклама

Іс материалдарына қарағанда, 13 қаңтарда  АК-159/25 қатаң режимдегі түзету колониясында сотталғандарды бақылау кезінде 10-шы атқыштар ротасының командирінің бұйрығын орындаудан бас тартқан және қызмет орынн өз еріктерімен тастап кеткен. Олар алтау болып келіп, өздерінің екі командирін қызметтік тұрақ маңындағы тастанды ғимаратқа апарып, ұрып-соққан. Бұдан кейін олар офицерлерді жұмыс орындарына апарып, тастап кеткен.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама