Қарағанды облысында аудан әкімінің орынбасары ұсталды

Видеодан алынған кадр

?ара?анды облысында аудан ?кіміні? орынбасары ?сталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жем?орлы??а ?арсы іс-?имыл ?лтты? бюросыны? баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап.

Қарағанды облысында аудан әкімінің орынбасары ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"25 шілдеде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Қарағанды облысы бойынша департаментінің қызметкерлері Қарағанды облысы Абай ауданы әкімінің орынбасары Д.Ж. Сүлейменовтің 1,5 миллион теңге көлемінде пара алғанын әшкереледі", - деп хабарлады ұлттық бюроның баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, Сүлейменов "Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы" аясында салынып жатқан құрылыс нысанындағы орындалған жұмыстар актісіне қолын қойып беру үшін ЖШС басшысынан пара алған.

Реклама
Реклама

Қазіргі уақытта Д.Ж.Сүлейменов ұсталып, Қарағанды облысы ІІБ уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама