Қарағанды облысында ер адам әкімдік ғимаратын "жарып жібермекші" болған

Камила Долаева Журналист

Қарағанды облысында лаңкестік әрекет жайлы жалған ақпарат таратқан 39 жастағы ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі аймақтық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қарағанды облысында лаңкестік әрекет жайлы жалған ақпарат таратқан 39 жастағы ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі аймақтық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

11 тамызда сағат 12.13-те 102 телефонына белгісіз ер адам қоңырау шалып, "City mall" сауда үйін жарып жіберемін деп қорқытқан.

Облыстық полиция департаментінің жедел кезекшілеріне барлық шұғыл әрекет ету қызметі жіберілді. Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері ғимараттың аумағын қоршап, 240 адам эвакуацияланды. Бір сағаттан кейін белгісіз адам 102 телефонына қайта қоңырау шалып, Қарағанды облысы әкімдігінің ғимаратында да жарылғыш құрылғы орнатылғанын хабарлады.

Реклама
Реклама

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері қылмыскердің "ізін суытпай", 39 жастағы қала тұрғынын ұстады және қоңырау шалынған телефонды тәркіледі. Сондай-ақ, саперлер екі ғимаратты тексеріп шықты, жарылғыш зат табылған жоқ.

Қазіргі уақытта ұсталған адамға қатысты ҚР ҚК 273-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама