Қарағанды облысында шылым тартуға шыққан пойыз жолаушысы өлі күйінде табылды

Қарағанды облысында шылым тартуға шыққан пойыз жолаушысы өлі күйінде табылды © Facebook.com

Бір апта бұрын іздеу жарияланған ер адам теміржолға жақын маңнан табылды. Сарыағаш-Астана бағытындағы пойызға отырған ол станциялардың біріне шылым тартуға шығады. Содан бері оны ешкім көрмеген. Туыстары әлеуметтік желілерде ол туралы ақпарат таратып, полицияға хабар берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Туысының айтуынша, Жамбыл облысының 52 жастағы тұрғыны Шахар Әмірқожаев 17 ақпанда Астанаға дейін пойызға отырады. Ал 18 ақпанда ер адам темекі шегу үшін Сарышаған станциясына түсіп, сол күйі вагонына оралмаған.

Бүгін, 29 ақпанда Әмірқожаев 11 күн бұрын түсіп қалған станциядан ондаған шақырым қашықтықта өлі күйінде табылды. Ер адамның денесі теміржолға жақын маңда жатқан. Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Соның нәтижесі арқылы ер адамның өлу себебі анықталады. Полиция тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Реклама
Реклама

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама