Қарағандыда 16 жастағы қызды Интернетте танысқан адамы зорлап кеткен

иллюстрациялық сурет

?ара?андыда Алтын Арба базарыны? ма?ында орналас?ан ?йлерді? біріні? кіреберісінде Шахтинск ?аласыны? 16 жаста?ы т?р?ыны зорланды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

Қарағандыда Алтын Арба базарының маңында орналасқан үйлердің бірінің кіреберісінде Шахтинск қаласының 16 жастағы тұрғыны зорланды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

Колледжердің бірінде оқитын қыз Интернетте өзінен біршама үлкен ер адаммен танысқан. Ол оған Қарағандыда кездесуді ұсынған. Қыз ата-анасына туыстарының үйіне барамын деп шыққан, ал өзі ер адаммен кездесуге аттанған. Олар Қарағандыда кафеде отырған, содан кейін отыз жастағы ер адам бір үйдің кіреберісіне алып кіріп, зорлаған. Есеңгіреп қалған қыз бірден полицияға хабар бермеген, ол өзінің Шахтинскідегі үйіне қайтқан. Сағат 19:00 шамасында қанның көп мөлшерде кетіп қалғанынан қыздың жағдайы нашарлап, Шахтинск ауруханасына жеткізілген. 

"Осы дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеу шаралары ҚР Қылмыстық Кодексінің 120-бабы 3-бөлігі бойынша жүргізіліп жатыр. Қажетті сараптамалар тағайындалып, тергеу жүріп жатыр", - деп хабарлады Қарағанды облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінің басшысы Бақытжан Құдияров. 

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама