Қарағандыда 9 жыл іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды

Қарағандыда 9 жыл іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды © Tengrinews.kz

Осакаровка ауданды? Ішкі істер б?ліміні? криминалды? полиция ?ызметкерлері 9 жыл іздеуде ж?рген 31 жаста?ы ?ылмыскерді ?стады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ?ара?анды облысты? ІІД баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап.

Осакаровка аудандық Ішкі істер бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері 9 жыл іздеуде жүрген 31 жастағы қылмыскерді ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қарағанды облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Биыл 11 сәуірде жедел-іздестіру шаралары барысында Астана қаласының 31 жастағы тұрғыны полиция қызметкерлеріне 2008 жылдың 8 қарашасында Осакаровка ауданы Ошағанды ауылындағы "Алматы -Екатеринбург" тасжолында  "Астана -Сарыағаш" бағытындағы автобус жолаушыларына пышақпен қарақшылық шабуыл жасағанын мойындады", - деп хабарлады полицейлер.

Қаскөйдің жалпы сомасы бес миллион теңге болатын мүлікті тоңап кеткені белгілі болды. Ұсталған ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Жарнама
Жарнама
Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама