Қарағандыда діни араздықты қоздырған экс-прокурор сотталды

Қарағандыда діни араздықты қоздырған экс-прокурор сотталды © Tengrinews.kz

?ара?андыда адамдар арасында ?леуметтік, ?лтты?, рулы?, н?сілдік, сословиелік ж?не діни аразды? ту?ыз?аны ?шін б?рын?ы прокурор У?ли ?лиас?аров пен  IT-маман Михаил Ткачев сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қарағандыда адамдар арасында әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, сословиелік және діни араздық туғызғаны үшін бұрынғы прокурор Уәли Әлиасқаров пен  IT-маман Михаил Ткачев сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Әлиасқаров Уәли Сапарұлы ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабының 2-бөлігі бойынша "Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру" айыпты деп танылып, бес жылға дейін бас бостандығынан айырылсын. Сондай-ақ, қоғамдық қауымдастықтарда басқарушы қызметтермен айналысу құқығынан айырылсын", - деп оқыды үкімді Қазыбек би аудандық № 1 соттың судьясы Арғын Құтышев.

Жарнама
Жарнама


© Tengrinews.kz

28 жастағы IT-маманы, инженер Михаил Ткачев та бес жылға бас бостандығынан айырылды. Екі сотталушы да жазасын орта деңгейдегі қауіпісіздік мекемесінде өтейді. Сондай-ақ, екеуі де соттың бұл үкіміне шағымданбақшы.

Айта кетейік, 65 жастағы Уәли Әлиасқаров кеңестік кезеңде прокурор болып қызмет еткен.

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама