Қарағандыда өзінің екі жасар қызын өлтірген әкеге қатысты сот үкімі шықты

Иллюстрациялық сурет. © Тұрар Қазанғапов

?ара?анды облысыны? ?ылмысты? істер ж?ніндегі мамандандырыл?ан ауданаралы? сотында 2 жаста?ы ?ыз баланы ?лтіру ісіне ?атысты сот отырысы ?тті. ?зіні? екі жаста?ы ?ызын ?лтірген Ресей тумасы 20 жыл?а бас бостанды?ынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Қарағанды облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 2 жастағы қыз баланы өлтіру ісіне қатысты сот отырысы өтті. Өзінің екі жастағы қызын өлтірген Ресей тумасы 20 жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Қылмыстық іс материалы бойынша, 27 шілдеде күдікті Теміртау қаласында қызымен бірге пәтерде болған. Ер адам ішімдік ішіп отырған, ал бала шулап, оның ескертулерін елемеген. Ер адам ашуланып, қыздың басынан, бетінен, иығы мен ішінен ұрған. Осыдан кейін жерге құлатып, мойнынан аяғымен басып тұншықтырған. Қыз бала ауа жетпей көз жұмған. 

Істің мән-жайына үңілген судья Исламхан Есенбаев айыпталушыны 20 жылға бас бостандығынан айыру мен ішімдіктен мәжбүрлі емдеу үкімін шығарды. Сонымен қатар, сот зардап шеккен тараптың екі миллион теңге көлеміндегі мральді және материалды шығынан өтеу туралы арызын қанағаттандырды.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама