Қарағандыда қылмыстық топ тұрмысы төмен отбасынан шыққан қыздарды жезөкшелікке жеккен

© Tengrinews

?ара?андыда ?ылмысты? топ т?рмысы т?мен отбасынан шы??ан ?ыздарды жез?кшелікпен айналысу?а м?жб?рлеген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ?азыбек би ауданды? сотыны? баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап.

Қарағандыда қылмыстық топ тұрмысы төмен отбасынан шыққан қыздарды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазыбек би аудандық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қылмыстық істің материалдарына сәйкес, сотталушы осыған дейін сотталған азаматтармен келісіп, олармен бірге арнайы жоспар құрған. Олар тұрмысы төмен отбасынан шыққан қыздарды тауып, жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген. Сонымен қатар, қылмыстық топ жеңгетайлықпен айналысқан.

Қылмыстық істі зерттеу барысында сотталушы ҚР Қылмыстық кодексінің 126-бабы ("Бас бостандығынан заңсыз айыру") мен ҚР Қылмыстық кодексінің 304-бабы ("Жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық") бойынша айыпты деп танылды. Сот үкімімен ол төрт жыл алты айға бас бостандығынан айырылып, жазасын жалпы режимдегі түзету колониясында өтейді. Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама