Қарағандыда студент қызды қағып кеткен полиция қызметкері болып шықты

Қарағандыда студент қызды қағып кеткен полиция қызметкері болып шықты

?ара?андыда студент ?ызды ?а?ып кетті деген к?дікпен учаскелік инспекторды? к?мекшісі ?сталды. ?азіргі кезде к?дікті уа?ытша ?стау аба?тысына ?амалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облысты? ІІД-ні? баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап. 

Қарағандыда студент қызды қағып кетті деген күдікпен учаскелік инспектордың көмекшісі ұсталды. Қазіргі кезде күдікті уақытша ұстау абақтысына қамалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Полиция қызметкерлері учаскелік инспектордың көмекшісін уақытша ұстау абақтысына қамады. Ол 16 мамырда сағат 22:00-де Университетская және Мұқанов көшелерінің қиылысында жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Бұл дерек бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабының 3-тарауы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", - дейді баспасөз қызметінің өкілдері. 

Реклама
Реклама

Полицейлер жүргізушінің оқиға болған сәтте ішімдік ішпегенін айта кетті. Қазір бұл оқиға бойынша бірқатар сараптама тағайындалып, тергеу жүріп жатыр. 

Айта кетейік, оқиға 16 мамырда ҚарМУ жатақханасының маңында болған. Қаза тапқан қыздың әпкесі Ботаның сөзінше, Арайлым құрбысымен бірге дүкеннен шығып, жатақханаға бара жатқан. Қыздар жолды жаяу жүргіншіге арналған тұсынан кесіп өтпек болған. Көлік асқан жылдамдықпен келген. Ал облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша, жедел жәрдем келіп жеткен кезде қыз бала жансыз жатқан. 

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама