Қарағандылық әйел күйеуін өлтіруге киллер жалдаған

?ара?андылы? ?йел ?з к?йеуін ?лтіруге тапсырыс берген. 41 жаста?ы ?йел к?йеуін ?лтіруге тапсырыс беруді бірнеше жыл бойы жоспарла?ан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облысты? ІІД баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап.

Қарағандылық әйел өз күйеуін өлтіруге тапсырыс берген. 41 жастағы әйел күйеуін өлтіруге тапсырыс беруді бірнеше жыл бойы жоспарлаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қарағандылық әйел күйеуін өлтіруді жоспарлап, киллер іздеген. Әйел адамның бұл ойын Ұйымдасқан қылмыстық топқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері біліп қойған.Олар қылмыстың алдыналып үлгерген. Олар киллердің рөлін ойнап, кісі өлімін қолдан жасаған.

"Биыл 15 наурызда облыстық ІІД ҰҚТКБ қызметкерлері Қарағанды облысының 41 жастағы тұрғыны өз күйеуін өлтіруге тапсырыс бергенін анықтады. Оның күйеуі 46-да. ІІД ҰҚТКБ қызметкерлері кісі өлімін қолдан жасап, суреттерін көрсетіп әйелден тапсырыс үшін ақша алып болғаннан кейін қамауға алған", - деді облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Реклама
Реклама

Полициядағылар әйел адамның өз кінәсін мойындағанын мәлімдеді, Ол уақытша ұстау изоляторына жабылды. Тергеу барысында әйел адам осы қылмысты бірнеше жылдар бойы жоспарлағанын мойындады. Сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама