Қарағандылық шенеунік "Қазақмыс" жұмысшысынан пара алды деген күдікпен ұсталды

Видеодан алынған кадр

Шенеунік "?аза?мыс" ж?мысшысынан пара алды деген к?дікпен ?сталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жем?орлы??а ?арсы іс-?имыл ?лтты? бюросыны? баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап.

Шенеунік "Қазақмыс" жұмысшысынан пара алды деген күдікпен ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қарағанды облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы департаментіндегідер Жезқазған, Сәтбаев, Ұлытау, Жаңаарқын аудандары бойынша еңбек заңнамасын бақылау бөлімінің басшысы А.Байсалбаевты әшкереледі.

"А.Байсалбаевтың "Қазақмыс" ЖШС жұмысшысынан мекемедегі еңбек заңнамасын сақтау мәселелері бойынша жүргізілген тексеру жұмыстарына оң нәтиже беру үшін 640 000 теңге көлемінде пара алған", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Қазіргі уақытта Байсалбаев Қарағанды облыстық ІІБ уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама