Қарағандының орталығында болған жантүршігерлік төбелес видеоға түсіп қалды

© Youtube кадры

Қарағандының орталығында болған жантүршігерлік төбелес видеоға түсіп қалды. Төбелес Станиславский атындағы драма театрының алдында болған, - деп хабарлайды "Новый вестник" басылымы.

Кадрлардан ер адамдардың ерегесіп, төбелесіп, кейін олардың біреуінің құлап, есінен танып қалғанын көруге болады. Жанжал ұзақ уақытқа жалғасқан. Айта кетейік, маңынан өтіп бара жатқан адамдар оларды ажыратпаған. Олар тіпті жерде жатқан адамға назар аудармайды.

Реклама
Реклама

"Бұл видео тіркелді. Жол-патрульдік полиция қызметкерлері зерттеп жатыр. Ер адамдардың аты-жөндері анықталып жатыр. Нәтижесінде олар жауапкершілікке тартылады", - деді Қарағанды облыстық ІІД баспасөз хатшысы Бақытжан Құдияров.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама