Қаскелең ауруханасында нәресте сатылған

© pexels.com

Қаскелеңде медицина қызметкерлері нәресте сатты деген күдік бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облыстық ІІД өкілдеріне сілтеме жасап.

Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қызметкерлері мен Қарасай аудандық полицейлері арнайы операция жүргізді.

"Жаңа туған сәбиді сату ісін ұйымдастырған адамдар тобы ұсталды. Бұл дерек сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне ҚР ҚК 135-бабы 2-бөлігі "Кәмелетке толмағандарды сату" бойынша тіркелді. Күдікті болып отырғандар - медицина қызметкерлері", - деді Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметіндегілер.

Реклама
Реклама

Ұсталғандарға бұлтартпау шарасын қолдану мәселесі қаралып жатыр.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама