Қаскелеңде белгісіз біреулер мектеп оқушысын атып кеткен

?аскеле?дегі "Арман" автостанциясында жаппай т?белес кезінде ?арудан о? атылып, жергілікті мектептерді? біріні? 17 жаста?ы о?ушысы ?аза тап?ан. Б?л туралы Tengrinews.kz тілшісіне Алматы облысты? ІІД баспас?з ?ызметіндегілер хабарлады.

Қаскелеңдегі "Арман" автостанциясында жаппай төбелес кезінде қарудан оқ атылып, жергілікті мектептердің бірінің 17 жастағы оқушысы қаза тапқан. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметіндегілер хабарлады.

Оқиға 17 қарашаа болған. Полициядағылар қандай қарудың қолданылғанын анықтап жатыр.

"Екі топ жігіт жанжалдасқан. Біреуінде қару болған, ол одан оқ атқан", - деді ІІД өкілдері. Осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы ("Адам өлтіру") бойынша қылмыстық істің тергеліп жатқаны хабарланып отыр. 

Реклама
Реклама

"Қылмыстық істің тергеуі облыстық ІІД-нің тергеу басқармасының өндірісінде және департамент басшысы бұл тергеуді өз бақылауына алды. Қазіргі уақытта полиция ауыр қылмысты жасады деген күдіктілерді анықтау бойынша шаралар жүргізуде", - деп хабарлады ІІД баспасөз қызметінің өкілдері.

Tengrinews
Автор сұрағы
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама