"Қазақавтожол" басшылығы мен Есеп комитетінің мемлекеттік аудиторлары ұсталды

Видеоның кадры

"?аза?автожол" басшылы?ы мен Есеп комитетіні? мемлекеттік аудиторлары ?сталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сыбайлас жем?орлы??а ?арсы іс-?имыл ?лтты? бюросыны? ?кілдері республикалы? бюджетті? ат?арылуын ба?ылау ж?ніндегі Есеп комитетіні? мемлекеттік аудиторлары Б.Копобаев пен А.Ж??гірбаеваны ?стады.

"Қазақавтожол" басшылығы мен Есеп комитетінің мемлекеттік аудиторлары ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының өкілдері республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінің мемлекеттік аудиторлары Б.Копобаев пен А.Жәңгірбаеваны ұстады.

"Лауазымды тұлғалар жоспарлы түрде өтетін тексерістер кезінде "Қазақавтожол" бас директоры С.Мұқашевтан мақсатсыз жұмсалған бюджет қаражатындағы ереже бұзушылықтарды көрсетпеу үшін 16 000 000 теңге көлемінде пара алған. Сондай-ақ, бұл қылмысқа "Қазақавтожолдың" облыстық филиалдарындағы басшылары да тартылған. Олар мемлекеттік аудиторларға пара жинап жүрген", - делінген хабарламада.

"Аса ірі көлемде пара алғаны үшін мемлекеттік аудиторлар Б.Копобаева мен А.Жәңгірбаева, пара бергені үшін бас директор С.Мұқашев, оның орынбасары Е.Шәмішев, бас есепші Ш.Қорғанова, бөлім жетекшілері Б.Елемесов, К.Әжіғұлов, сонымен қатар, "Қазақавтожол" облыстық филиалдарының жетекшілері ұсталды", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Қазіргі уақытта пара бергендер мен пара алғандар Астана қалалық ІІД уақытша ұстау изоляторына қамалды. Соталды тергеу жалғасып жатыр. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама