"Қазақавтожол" бұрынғы бас директоры сотталды

© Тұрар Қазанғапов

Астананы? Алматы ауданды? №2 сотында "?аза?автожол"б?рын?ы бас директоры Серікжан М??ашев?а ?атысты сот ?кімі шы?ты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астананың Алматы аудандық №2 сотында "Қазақавтожол"бұрынғы бас директоры Серікжан Мұқашевқа қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сот оны пара бергені үшін айыпты деп таныды.

"Мұқашев Серікжан Шайзадаұлы ҚР Қылмыстық кодексінің 367-бабының 3-бөлігі, 1,2-тармақтары бойынша айыпты деп танылып, үш жылға бас бостандығынан айырылсын. Сондай-ақ, өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылсын", - деп оқыды үкімді судья Убайдулла Қошанов.  

Реклама
Реклама

Бірақ сотталушы Серікжан Мұқашев сот үкімімен келіспейтінін, сондықтан шағымданатынын айтты.

"Соттың шешіміне шағымданамын. Әділетсіз шешім деп ойлаймын", -деді Серікжан Мұқашев журналистерге үкім шыққан соң.

Еске сала кетейік, 2016 жылдың желтоқсанында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының өкілдері мемлекеттік аудиторларды ұстаған болатын. Тергеу мәліметінше, лауазымды тұлғалар "ҚазАвтоЖол" бұрынғы бас директоры Серікжан Мұқашевтан және оның орынбасары Шәмішевтен пара алып отырған.

"Астана қалалық Алматы аудандық №2 сотының шешімімен Есеп комитетінің республикалық бюджетті орындауға бақылау жөніндегі мемлекеттік аудиторы А.Жәңгірбаева, "Қазақавтожол" бас директоры С.Мұқашев, оның орынбасары Е.Шәмішев, бөлім басшысы К.Әжіғұловқа қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды", - делінген еді хабарламада.

Ал 15 наурызда прокурор соттан Мұқашев пен осы істегі төрт фигурантты айыпты деп тануды сұраған еді.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама