"Қазақпыз ғой". Полицейге пара бермекші болған жүргізуші ірі сомада айыппұл арқалады

"Қазақпыз ғой". Полицейге пара бермекші болған жүргізуші ірі сомада айыппұл арқалады

Ма??ыстау облысында жол ?оз?алысы ережесін б?з?ан ж?ргізуші полицейге пара бермек бол?ан. ?улы?ын асырма? бол?ан ж?ргізуші осы ?ылы?ы ?шін 336 700 те?ге айыпп?л ар?алады. М?ндай шешімді М?найлы ауданды? мамандандырыл?ан ?кімшілік соты шы?арды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Маңғыстау облысында жол қозғалысы ережесін бұзған жүргізуші полицейге пара бермек болған. Қулығын асырмақ болған жүргізуші осы қылығы үшін 336 700 теңге айыппұл арқалады. Мұндай шешімді Мұнайлы аудандық мамандандырылған әкімшілік соты шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Құқық қорғау органдары бұл оқиғаның видеосын ұсынып отыр. Ведомство мәліметінше, оқиға 20 маусымда "Ақтау-Жетібай" автожолының 16-шақырымында болған. Газель көлігінің жүргізушісі Қ.Төлешовті жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін Маңғыстау облыстық ІІД ЖПҚ жол-патрульдік қызметінің инспекторы тоқтатқан. 

Әкімшілік жауапкершіліктен қашқысы келген жүргізуші полиция инспекторына "қазақпыз ғой" деп, 2000 теңге ұстатқан. 

Жарнама
Жарнама

Артынша жүргізушіге қатысты хаттама толтырылып, 336 700 теңге айыппұл салынды. Ал полицей марапатқа ұсынылуы мүмкін.

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама