Қазақстан азаматы Қырғызстан шекарасын бұзып өтпек болды

©Ярослав Радловский

Қазақстан-Қырғызстан шекарасын заңсыз бұзып өтпек болған Тараз тұрғыны ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz  Мемлекеттік шекара қызметінің БАҚ-пен байланыс бөліміне сілтеме жасай отырып. 

15 тамыз күні шекарашылар Талас отрядының маңында Қазақстан-Қырғызстан шекарасына бағыт алған ер адамды байқаған.

Шекара бұзушы Қырғызстан шекарасынан 300 метр жерде Талас облысы, Қарабура ауданы, Маймақ стансасында ұсталды. Құжаттары тексерілгеннен кейін ол Талас облысының мемлекеттік ҰҚК қызметкерлерінің қолына тапсырылды.

Реклама
Реклама

Еске салайық, бұған дейін де Қырғызстан-Қазақстан шекарасында бұрамалы тар жолды тесіп өтпек болған қарақшылар ұсталған болатын. Оларды қолға түсіру үшін Тараз шекара отрядының "Гродеково" жасағын жұмылдырған. Қолға түсіру кезінде қарақшылар қашып, тығылуға әрекеттенді.

Мұндай әрекеттерден кейін шекарашылар жарақаттағыш қару қолданып, нәтижесінде қарақшылар мінген "УАЗ" көлігі жарға соғылып, аударылып қалған.  Артынан мәлім болғандай, шекара бұзушылар 1 тонна құс етін заңсыз алып өтпек болыпты.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама