Қазақстан-Ресей шекарасында 20 тонна қара темірді өткізуге тырысқан азамат ұсталды

© Tengrinews.kz

?аза?стан-Ресей шекарасында 20 тонна ?ара темірді ?ткізуге тырыс?ан азамат ?сталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ?Р ??К Ш? баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан-Ресей шекарасында 20 тонна қара темірді өткізуге тырысқан азамат ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Петропавл шекара отрядына қарасты "Жаңажол" бақылау-өткізу бекетінің шекара жасағы 20 тонна қара темірді заңсыз өткізуге тырысқан 37 жастағы қазақстандық азаматты ұстады. "Аталған азамат тіркемесі бар "Фредлайнер" автокөлігімен Қазақстаннан Ресей еліне қарай сапар шегіп барады екен. Аталған жүк Қазақстан Республикасы Үкіметінің "түрлі-түсті және қара металды (дайындау, сақтау, қайта өңдеу және жүзеге асыру) жинаумен айналысатын шаруашылық субъектілерінің қызметіне бақылау орнатуды күшейту шаралары туралы" қаулысына сәйкес ұсталды", - делінген хабарламада.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама