Қазақстанда көлік салығын төлемеген адамға бірінші рет қамауға алу түріндегі жаза қолданылды

Қазақстанда көлік салығын төлемеген адамға бірінші рет қамауға алу түріндегі жаза қолданылды © yvision.kz

Алматыда к?лік ?шін салы? м?лшері жарты миллион те?геден ас?ан автомобиль иесі екі к?нге ?амау?а алынды, - деп хабарлайды Tengrienws.kz тілшісі Медеу ауданды? мемлекеттік кірістер бас?армасыны? баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап.

Алматыда көлік үшін салық мөлшері жарты миллион теңгеден асқан автомобиль иесі екі күнге қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrienws.kz тілшісі Медеу аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оған қарызын өтеу қажеттігі туралы хабарлама жіберілген, банк есепшоттарындағы операциялар да тоқтатылған, Қазақстан Республикасының аумағынан шығуға да тыйым салынған. "Алайда ол мемлекетке қарызын өтеуді сонда да қолға алмады. Осы орайда сот орындаушысы сотқа жүгінген. Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты 2016 жылы 18 қарашада Е. Әкімжановті әкімшілік құқық бұзды және 2 тәулікке қамау арқылы әкімшілік жауапкершілікке тартылуы керек", - деді баспасөз қызметіндегілер. 

Жалпы, Медеу ауданы бойынша қарызын өтемегендер саны 9 540 адам екен. "Егер жақын күндері олар қарызын өтемейтін болса, олардың ісі сотқа жіберіледі. Себебі жеке адамдардың қарыздары салық құпиясы болып саналмайды және қарыз адамдардың есімі 4 қаңтарда БАҚ беттерінде жарияланады. Қарыз адамдар қатарында Қазақстанның атақты адамдары, мемлекеттік қызметкерлер де бар. Еске салайық, көлік үшін салық төлеу мерзімі жеке адамдар үшін 2016 жылдың 31 желтоқсанында аяқталады", - деді ведомстводағылар. 

Реклама
Реклама
Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама