Қазақстандық азамат Лондоннан Алматыға амфетамин мен экстази әкеліп сатқан

Қазақстандық азамат Лондоннан Алматыға амфетамин мен экстази әкеліп сатқан Фото nnm.ru сайтынан алынды

Қазақстандық азамат Лондоннан &nbspамфетамин және экстази сынды есірткі дәрілерді әкеліп, Алматыда сатқан. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Алматы қалалық сотының баспасөз хатшысы Қуандық Ешімет хабарлады.&nbsp

Литва азаматының қоластына қарасты қылмыстық топта жүрген қазақстандық азамат, ұзақ уақыт бойы Лондоннан Алматыға&nbspамфетамин мен метилендиоксиметамфетамин (экстази деген атаумен кеңінен белгілі) деген есірткі дәрілерді әкеліп сатқаны тергеу жұмыстары кезінде белгілі болды.

Ер адамға психоторопты заттарды заңсыз тасымалдағаны, сақтағаны, сатқаны үшін &nbspайып тағылды. Қылмыстық істі &nbsp2013 жылы Алматыда &nbspҰҚД басқармасы қозғаған болатын. Осы іс бойынша алғашқы тыңдау 2014 жылдың 28 наурызында болады.&nbsp

Жарнама
Жарнама

Бұған дейін қазақстандық полиция қызметкерлері Ресейден тасымалданатын синтетикалық есірткіге тосқауыл қойғаны туралы хабарланған. 23 жастағы ресейлік азаматтан мың жарым дозадан артық синтетикалық есірткі тәркіленген болатын. Оның жалпы құны 10 миллион теңге. Тергеушілердің ақпаратына сүйенсек, есірткі Щушинск-Бурабай демалыс аймағына, Астана қаласындағы ойынханалар мен түнгі клубтарға жеткізілмекші болған.&nbsp

Полиция қызметкерлерінің айтуынша, синтетикалық есірткі заттарға сұраныс қалталы азаматтар мен байдың балалары арасында үлкен сұранысқа ие көрінеді.&nbsp

&nbsp

&nbsp

Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама