Қазақстанға заңсыз өтпек болған 46 өзбекстандық ұсталды

Қазақстанға заңсыз өтпек болған 46 өзбекстандық ұсталды © stanradar.com

Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында көші-қон заңнамасын бұзған өзбекстандық азаматтар ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ҰҚК-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Ынтымақ елді мекенінде рейд барысында қазақстандық Сарыағаш шекара бөлімінің шекарашылары Қазақстан Республикасы көші-қон заңнамасын бұзған 46 өзбекстандық азаматты ұстады. Олар жеке мақсатта өтпек болған", - делінген ведомство таратқан хабарламада.

Ұстау туралы ақпарат Сарыағаш аудандық құқық қорғау органдары өкілдеріне хабарланды.

Реклама
Реклама

Еске салайық, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігінде өңір басшысы Бейбіт Атамқұловтың төрағалымен Сарыағаштағы Достық елді мекеніндегі шекара бойында 100 метр жерде орналасқан үйлер бойынша шұғыл жиналыс өткен. Мәжілісте 2005 жылы Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы шекара демаркацияланып, шекара сызығы анықталғаннан кейін сонда қалып қойған Достық елді мекеніндегі 10 үйдің мәселесі қаралған.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама