Қазақстаннан екі тонна арақты заңсыз әкетпек болды

Фото ul.aif.ru сайтынан алынды

Ресейлік екі азамат Қазақстаннан 2 тоннадан астам арақты заңсыз әкетпек болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Ақтөбе шекара отрядына қарасты "Жайсаң авто" шекаралық бақылау отрядының сарбаздары бір тәулікте контрабандалық жүкті тасымалдаудың екі дерегінің жолын кесті, олар - жалпы салмағы 2 тоннадан асатын спирт өнімі", - делінген хабарламада.

Бірінші жағдайда Ресей Федерациясының 23 жасар азаматы "ГАЗель" автомобилімен Қазақстаннан Ресейге жалпы салмағы 780 литр арақты алып бара жатты. Жүк 130 жәшікке бөлініп салынған, бағалау құны 500 000 теңге. Сондай-ақ Ресейдің 35 жастағы азаматы осындай контрабандалық жүкпен Қазақстаннан Merсedes автокөлігімен жолға шыққан. Ол бағалау құны 1 млн 230 мың теңгеден асатын 1230 литр арақты алып бара жатқан.

Реклама
Реклама

Ұстау фактісі бойынша Мәртөк ауданының құқық қорғау органдарына хабарланды. Тексеру жүргізілуде.

Айта кетейік, осы жылдың сәуір айында Ресей-Қазақстан шекарасында спирт өнімінің ірі партиясы тәркіленген болатын. Ол кезде Ресей Федерациясының азаматы жалпы салмағы 9 тонна болатын арақ пен "Советское" шампан шарабын контрабандалық жолмен алып өтпек болған. Оның құны 9 миллион теңгеге бағаланды.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама