"ҚазАвтоЖол" филиалының экс-директорына пара алғаны үшін 120 миллион теңге айыппұл салынды

"ҚазАвтоЖол" филиалының экс-директорына пара алғаны үшін 120 миллион теңге айыппұл салынды Асқар Жанкин

Петропавл ?алалы? соты пара алу ісіндегі басты фигурант?а ?атысты сот ?кімін шы?арды. Ас?ар Жанкин мемлекет пайдасына 119 миллион те?ге т?лейтін болды. Сондай-а?, б?л сома 1 миллион те?геге азайтыл?ан. Себебі ол а?пан-тамыз айлары аралы?ында ?амауда бол?ан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Петропавл қалалық соты пара алу ісіндегі басты фигурантқа қатысты сот үкімін шығарды. Асқар Жанкин мемлекет пайдасына 119 миллион теңге төлейтін болды. Сондай-ақ, бұл сома 1 миллион теңгеге азайтылған. Себебі ол ақпан-тамыз айлары аралығында қамауда болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Петропавл қалалық сотының үкімімен Асқар Жанкин ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабына сәйкес ("Пара алу"), айыпты деп танылды. Жаза ретінде оған 119 миллион теңге айыппұл салынды. Айта кетейік, мемлекеттік айыптаушы осыған дейін оны 4 жылға қамауға алуды сұраған болатын. Бірақ сот Асқар Жанкиннің кінәсін мойындағанын ескере отырып, осындай шешім шығарды.

"119 миллион теңге көлемінде айыппұл салынсын. Сондай-ақ, мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік қызметте және мемлекеттік органдарда жұмыс істеу құқығынан өмір бойына айырылсын. Сотталушы сот үкімі заңды күшіне енгеннен кейін 1 ай ішінде айыппұлды төлеуі керек", - деп оқыды үкімді Павлодар қалалық сотының судьясы Айдархан Жанақов.

Реклама
Реклама

Ол мерзім жеткілікті болмаған жағдайда айыппұлды алты айға дейін бөліп төлей алады.

Қазіргі уақытта Асқар Жанкин елден шықпау туралы қолхатпен қамаудан босатылды.

Еске сала кетейік, "ҚазАвтоЖол" филиалының жетекшісі Асқар Жанкин 4 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікпен ұсталған болатын. "Ол "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасының аясында Ұлттық қор есебінен республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының құрылысын жүргізумен айналысатын мердігер ұйымға жебеушілік көрсету үшін 4 миллион теңге көлеміндегі заңсыз сыйақы алған", - деп мәлімдеген еді Ұлттық бюродағылар.

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама