"ҚазАвтоЖол" филиалының жетекшісі ұсталды

Сыбайлас жем?орлы??а ?арсы іс-?имыл ?лтты? бюросыны? Солт?стік ?аза?стан облысы бойынша департаменті "?азАвтоЖол" ?лтты? компаниясы" А?-ны? облысты? филиалыны? жетекшісі Ас?ар Жанкинді пара алды деген к?дікпен ?стады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Антикоррупциялы? ?ызметті? баспас?з ?кілдеріне сілтеме жасап.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті "ҚазАвтоЖол" Ұлттық компаниясы" АҚ-ның облыстық филиалының жетекшісі Асқар Жанкинді пара алды деген күдікпен ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Антикоррупциялық қызметтің баспасөз өкілдеріне сілтеме жасап.

"Ол "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасының аясында Ұлттық қор есебінен республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының құрылысын жүргізумен айналысатын мердігер ұйымға жебеушілік көрсету үшін 4 миллион теңге көлеміндегі заңсыз сыйақы алған", - деп мәлімдеді Ұлттық бюродағылар.

Асқар Жанкин Петропавл қалалық ІІБ-нің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Соталды тергеу жүргізіліп жатыр.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама