Қазнетте букмекерлік кеңсеге жасалған қарақшылық шабуылдың видеосы пайда болды

видеодан үзінді

?азнетте ?арулы шабуылды? видеосы таралып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Болжаммен шабуыл жасал?ан мекеме - букмекерлік ке?се. 

Қазнетте қарулы шабуылдың видеосы таралып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Болжаммен шабуыл жасалған мекеме - букмекерлік кеңсе. 

Видеода бетперде киген үш адамның ғимаратқа баса-көктеп кіргенін көруге болады. Олардың қолдарында қаруға ұқсас зат болған. Осы кезде екі қыз үстелде ұйықтап отырған, ал залдың ішінде күзетші ұйықтап жатқан.  

Реклама
Реклама

Қаруланған адамдарды көрген күзетші бөлмеден қашып шығады. Шабуылшылардың бірі қыздар отырған үстелге барып, бір қызға соққы жасап, ақша беруін талап етеді. 

Кейінірек екінші қыз үстелде бар ақшаны қолына алады, алайда ер адам оның басынан ұрып, ақшаны қолынан жұлып алады. Шабуылдаған екі адам қолдарында қаруға ұқсас затты көрсетеді. Ақшаны алған ұрылар оқиға орнынан қашып кетеді. 

Алдын ала мәліметтер бойынша, оқиға Ақтөбеде болған. Басқа да мәліметтер тексеріліп жатыр. 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама