ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 04 наурыз 2016 13:28
ҚазҰТЗУ-дың қаза тапқан студентінің туыстары 11 миллион теңгеден аса көлемде өтемақы талап етті
Алматыда ҚазҰТЗУ студенті Самұрат Жақсылықовтың өліміне қатысты істе жәбірленуші тарап моральдық және материалдық шығынның өндірілуін талап етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сот залынан. Олар 5 миллион теңге көлемінде моральдік және 6 миллион теңгеден аса көлемде материалдық өтемақы сұрады.
Еске сала кетейік, тергеу мәліметінше, кісі өлімі 30 қараша күні Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-да болған еді. Дегенмен ресми ақпарат 3 желтоқсанда ғана таратылды. Алматы ІІД мәліметінше, күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұған дейін Самұрат Жақсылықовтың досы оқиғаның мән-жайын айтып берді.
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу