ҚМГ еншілес компаниясының бас директоры миллиондап пара алды деген күдікке ілінді

видеодан үзінді

"KMG EP-Catering" ЖШС бас директоры үш миллион теңге пара алды деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Антикоррупциялық қызмет баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"KMG EP-Catering" ЖШС бас директоры үш миллион теңге пара алды деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Антикоррупциялық қызмет баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Маңғыстау облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі "KMG EP-Catering" ("ҚазМұнайГаз" ҰҚ" АҚ жүзпайыздық еншілес ұйымы, Маңғыстау облысы аумағында орналасқан "ҚазМұнайГаз" ҰҚ" АҚ еншілес компанияларын қамтамасыз етуші ұйым) ЖШС бас директорына және осы аталған ЖШС мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысына қатысты коррупциялық қылмыс істеді деген күдікпен сотқа дейінгі тергеу шараларын бастады", - делінген ресми хабарламада. 

Реклама
Реклама

Олар жеке кәсіпкерден үш миллион теңге пара алды деген күдікке ілінді, оның орнына азық-түлік жеткізу мәселесін шешу үшін және де ары қарай қамқорлық көрсетуге уәделескен. 

"Ұстау шарасы жүзеге асқан жоқ, өйткені күдіктілер өз кінәларын толық мойындап, адвокаттары шақырған уақытта келу туралы келісім берген. Сотқа дейінгі тергеу шаралары жалғасады", - деді ведомство өкілдер. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама