"Қорғас" ШЫХО аумағында астыртын жұмыс істеген казино әшкереленді

"?ор?ас" ШЫХО А? аума?ында астыртын ж?мыс істеген казиноны? ?рекетіне тос?ауыл ?ойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облысы бойынша МКД Экономикалы? тергеу ?ызметіні? ?кілі Жа?сылы? Мырзахан.

"Қорғас" ШЫХО АҚ аумағында астыртын жұмыс істеген казиноның әрекетіне тосқауыл қойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облысы бойынша МКД Экономикалық тергеу қызметінің өкілі Жақсылық Мырзахан.

"2017 жылдың 26 шілдесінде Алматы облысы бойынша МКД Экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлері "Қорғас" ШЫХО аумағында астыртын жұмыс істеген казиноны әшкереледі", - деді Жақсылық Мырзахан.

Жедел-тергеу шаралары барысында Алматы облысы Панфилов ауданы "Қорғас" ШЫХО АҚ аумағындағы екі қабатты ғимаратта азарттық ойындарға арналған арнайы үстелдер табылып, тәркіленді. Қолма-қол ақшаны есептейтін 2 аппарат, қолма-қол жасалмайтын төлемдерге арналған 3 POS-терминал табылып, тәркіленді.

Реклама
Реклама

© Алматы облысы бойынша МКД Экономикалық тергеу қызметі

"Казиноның ішіне көбінесе өздерінің таныс клиенттері ғана кіре алған. Видеобақылау камералары ғимараттың ішінде де, сыртында да орнатылған. Қазіргі уақытта Алматы облысы бойынша МКД Экономикалық тергеу қызметі ҚР Қылмыстық кодексінің 307-бабының 1-бөлігі бойынша ("Заңсыз ойын бизнесiн ұйымдастыру") сотқа дейінгі тергеу басталды", - деп хабарлады Алматы облысы бойынша МКД Экономикалық тергеу қызметінің өкілдері.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама