"Қорғас" ШЫХО бұрынғы президентіне қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды

Василий Ни. © Серікжан Қобыланбаев

"?ор?ас" ШЫХО б?рын?ы президенті Василий Ниге ?атысты ?ылмысты? іс сот?а жолданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы ?алалы? сотыны? баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап.

"Қорғас" ШЫХО бұрынғы президенті Василий Ниге қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Алматы қалалық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына Василий Ни мен Махаббат Сайдуллаеваға қатысты қылмыстық іс түсті, олар ҚР Қылмыстық кодексінің "Аса ірі көлемде топ болып пара алу" бабы бойынша айыпталып отыр", - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.

Іс материалдарына қарағанда, "Қорғас" шекара ынтымақтастық халықаралық орталығының президенті бопсалау арқылы, өз қарамағындағы инвесторлармен жұмыс бөлімінің басшысы Сайдуллаев арқылы бір миллион АҚШ долларын "Қорғас Тюльпан" ЖШС өкілінен инвестициялық тендердің жақсы нәтижесі үшін пара алған. Соның ішінде осы ЖШС-ға халықаралық орталықтың аумағында 5-ші санатты қонақүйдің құрылысын салу үшін тендерді жеңіп беретінін уәде еткен.

Реклама
Реклама

Еске салайық, биыл 5 қыркүйекте осы іске қатысы бар адамдар пара алып жатқан жерінен ұсталған болатын. Кейін Василий Нидің екі айға қамауға алынғаны белгілі болды.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама