"Қорғаста" жемқорлыққа қатысты тағы бір дау шықты

© Тұрар Қазанғапов

"?ор?ас" шекара ма?ы ынтыма?тасты?ы халы?аралы? орталы?ы (ШМЫХО) аума?ында жем?орлы??а ?атысты та?ы бір даулы жа?дай болды, - деп хабарлайды Tengrinews тілшісі Алматы облысыны? Мемлекеттік кірістер департаментіне сілтеме жасап. 

"Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы (ШМЫХО) аумағында жемқорлыққа қатысты тағы бір даулы жағдай болды, - деп хабарлайды Tengrinews тілшісі Алматы облысының Мемлекеттік кірістер департаментіне сілтеме жасап. 

Ведомство өкілдерінің сөзінше, 31 мамырда "Алтынкөл" кеден бекетінің лауазымды тұлғасына пара берген Қазақстан азаматы ұсталды. 

"Ол лауазымды тұлғаға Қытайдан Қазақстанға кедергісіз тауар өткізуге қамқоршы болу үшін 50 мың теңге көлемінде пара бергеннен кейін ұсталды", - дейді ведомство өкілдері.

Реклама
Реклама

Ер адам МКД-нің Ішкі қауіпсіздік басқармасы қызметкерлері және Жаркент аймағы бойынша Жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдерінің бірігіп өткізген жедел-іздестіру шаралары барысында ұсталған. Бұл дерек бойынша "Пара беру" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. 

Облыстық МКД-нің Ішкі қауіпсіздік басқармасы пара берудің қылмыс екенін ескертеді. Бұл үшін мүлікті тәркілеумен бірге, 15 жылға дейін бас бостандықтан айыру жазасы қарастырылған.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама